Еріктілер қарттарға көмек көрсетті
Қарт дегеніміз - ағып жатқан дария, теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы мен тереңдігі қандай болса, қарияларымыздың да білетіні сондай терең. Қариялар халқымыздың өткені мен бүгіні, тұнып жатқан тарихымыз «Қарттары бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керекті. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата- бабадан келе жатқан салтымыз.

-«Біз жұмыстан қорықпаймыз, аға ұрпаққа қамқорлықты одан әрі жалғастырамыз және жастарды біздің үлгі ісімізге еруге шақырамыз», - дейді еріктілер.
