Ерікті жастармен онлайн форматта кездесу өтті.
28 қараша күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің қатысуымен ерікті жастармен онлайн форматта кездесу өтті.
Кездесуде ауданымыздың және Жалпақтал ауылдық округінің белсенді ерікті жастары қатысты.
Кездесу барысында алдағы сайлауға қатысты сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды. Еріктілер сайлаудың насихат жұмыстарына қолдау білдіріп, атсалысатындығын жеткізді.
