Ерікті болу — жан қалауы
Jas Otan Жастар қанатының белсенділері «Ерікті болу — жан қалауы» тақырыбында қаламыздың колледждері студенттердінің қатысуымен онлайн семинар өткізді. Жас партияластар еріктілер жұмысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге бағытталған партиялық жобалар туралы әңгімеледі.
— Ерікті болу — жұмыс емес, жан қалауы екенін ұмытпағанымыз жөн, — деді Егяна Рустамова. — Ең бастысы, өзгеге көмек беруді, пайдалы болуды ойлау керек. Бізде еріктілер тобы өте жақсы жұмыс істейді және мен оның құрамында болғанымды мақтан етемін.
