Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Ерекше тәуекелді солдаттар» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Есім Бектілеуовпен кездесті

Бүгін Орал қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының еріктілері қоғам белсендісі, «Ерекше тәуекелді солдаттар» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Есім Бектілеуовпен кездесті

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ұйымдастырылған кездесуде Есім Бектілеуов өзінің еңбек жолы, жетістіктері туралы баяндап, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің Тұңғыш Президентінің салиқалы саясаты жайында әңгіме өрбітті.

«Еліміз жыл санап өркендеп, көркейіп келеді. Егемендік алған алғашқы жылдарда тәуелсіз мемлекетіміздің алға қадам басуына септігін тигізген бірден-бір тұлға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Елбасымыз әлі де ел ісіне етене араласып, «Nur Otan» партиясы мен Қазақстанның Қарулы күштерін басқарып отыр» деді филиал төрағасы.

Кездесуді қалалық ақпараттық-талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім меңгерушісі Дәурен Шамұратов жүргізді. Тағылымды шара соңында жастар келген мейманға сауалдарын жолдады.

0
0
366

Осы тақырып бойынша

«Ерекше тәуекелді солдаттар» ҚБ облыстық филиалының төрағасы Есім Бектілеуовпен кездесті - Yvision.kz