Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді, кедергісіз орта
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті уәкілетті орган бола отырып, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау бойынша мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25 бабы 3 тармағына сәйкес - кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiр жол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдар ұстануы мен жүрiп-тұруына мемлекеттiк стандарттарға сәйкес жағдай жасауға мiндеттi.
Осылайша, нысан тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ есту, көру қабілеті бұзылған адамдар үшін және «Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары қолжетімділіктің есебімен жобалау» ҚР 3.06-101-2012 ЕЖ-ның барлық талаптарын ескере отырып қолжетімді болуы тиіс.
Мүгедектерге әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз етпеу, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 83 бабымен лауазымды адамдарға (мемлекеттік құрылымдар басшыларына) 50 АЕК немесе 126 мың теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 120 АЕК немесе 303 мың теңге, орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК немесе 505 мың теңге және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК немесе 1 010 мың теңге мөлшерінде жауапкершілік көзделген.
Төменде пайдалану және қолдану үшін ҚР 3.06-101-2012 ЕЖ келтірілген.
Бүгінгі күні Қазақстанда дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға, оның ішінде халықтың қауқары аз топтары үшін кедергісіз орта құру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.
Облыста 2014-2018 жылдарға арналған объектілерді бейімдеу бекітілген жоспарына сәйкес 1166 объектілерге қол жеткізуін қамтамасыз ету жоспарланған, қалалар мен аудандар әкімдерінің деректері бойынша 1166 объектіге қолжетімді. 2018 жылы 179 объекті бейімделді.
Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді ортаны тиімді іске асыру үшін тұрақты негізде мемлекеттік бақылау қызметі жүзеге асырылады.
Бақылау қызметі аясында 2018 жылға Департаменттің мекенжайына ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы бұзу бөлігінде жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер бойынша 74 жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, нәтижесінде 32 бақылау субъектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, 4 266 мың теңге жалпы сомасында 20 әкімшілік айыппұл салынды.
Бүгінгі күні тексерілген объектілерде қол жетімділікті қамтамасыз ету бойынша аталған жұмыс Департаменттің бақылауында.
Еске саламыз, 2015 жылы Қазақстан Республикасы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қатысты халықаралық стандарттарды енгізу бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдай отырып, мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы конвенцияны ратификациялады.
Сондай-ақ ҚР әкімшілік кодексінде 83 бап жұмыс істей бастады.
ҚР ӘҚтК-тің 83 бабына сәйкес – мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу:
мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қол жеткізуін қамтамасыз етпеу, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, лауазымды тұлғаларға айыппұл түрінде жауапкершілік шаралары қарастырылған.
Лауазымды тұлғаларға қатысты айыппұл сомасы (мемлекеттік құрылымдар басшыларына) 50 АЕК немесе 126 мың теңге, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 120 АЕК немесе 303 мың теңге; орта кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК немесе 505 мың теңге және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 400 АЕК немесе 1010 мың теңге.
