«Ер есімін ел шығарады...» немесе Өрелдегі түлектер кездесуі
"Туған жерге тағзым" «Ер есімін ел шығарады...» немесе Өрелдегі түлектер кездесуі Жақында ырыс-ынтымағы жарасқан Өрел ауылдық округінде тағы бір елеулі оқиға орын алды. Атап айтқанда, Өрел орта мектебінің 1980 жылғы мектеп бітірушілері 40 жылдық түлектер кездесуін өткізді. Иә, өрелдік түлектер көптен күткен кездесу шараларын өткен жылы-ақ дүркіретіп өткізер еді, егер әлемді жайлаған пандемия елімізге аттап баспаса... Сөйтіп, қауіпті індет олардың жоспарларын тура бір жылға шегертті. Түлектер кездесуінің ұйымдастыру мәселелерімен 1980 жылғы Өрел орта мектебінің түлегі, ҚР Қарулы Күштері ардагерлерінің қоғамдық бірлестігінің ШҚО филиалының кеңес мүшесі, бүгінде Өскемен қаласындағы халықаралық әуежайының қауіпсіздік бөлімінің ауысым бастығы Қайрат Жүнісов өзі толықтай айналысып, басы-қасында соңына дейін жүрді. Осылайша, 18 маусымда өрелдік бұрынғы мектеп түлектері араға қырық жыл салып, қайта бас қосты. Бүгінде аға буын қатарында жүрген аға-әпкелеріміз елуді еңсеріп, алпыстың да ауылына жақындап қалса да сол кешегі жалынды жастық шақтарындағыдай жанарлары нұрлы, көңілдері жаймашуақ күндей жадыраңқы. Олар үшін жас деген тек сан ғана, бастысы, жан-жүректері қартаймаған... Мінеки, Өрел орта мектебінің ауласына кіреберісте бір топ кешегі бозбалалар мен бойжеткендер, бүгінгі самайларын ақ шалған аға-әпкелер бірін-бірі көріп, мәз-мейрам болып қауышуда... Жүрекке жылу ұялатқан қандай толқынысты сәт! Мектеп алды мерекелік нақышта әп-әдемі етіп әлемделіп, музыкалық колонкалардан көңілді әндер шырқалып тұр. Көптен күткен шараға барлығы әзір, санаулы сәттен кейін басталмақ міне... 1980 жылғы түлектер өздерінің кездесу шараларын әуел баста форматын өзгелерден ерек етіп өткізуді ойластырыпты. «Ер есімін ел шығарады, ел есімін ер шығарады» деген ілгеріден қалған сөз бар қазақта. Кешегі Кеңес үкіметі тұсында болған Ауған соғысында Қазақстаннан да сан мыңдаған боздақтар интернационалдық борыштарын өтеу үшін қатысып, қайсыбірі аман-есен елге оралса, талайы жат жерде оққа ұшып, мерт болды. Т.Серікхан. Мақаланы толықтай газетіміздің осы санынан оқи аласыздар...
