Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

“English for Jastar” жобасына қатысушылар марапатталды.

Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны ерекше. Сондықтан ағылшын тілі өте маңызды рөлге ие болып отыр. Осыған орай оқушылардың арасында ағылшын тілін білу деңгейін арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» Жастар қанаты Бөкей ордасы ауданында “English for Jastar” жобасын жүзеге асырған болатын.

Міне, бүгін «Nur Otan» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Құрмашев ерікті түрде жобаға қатысып, өз білімі мен тәжірибесін оқушыларға беріп, түрлі курстар өткізген А.Нұрлановаға алғысын айтып, «Jas Otan» Жастар қанаты төрағасы Н.жетпісовтың қолымен Нұрсұлтан қаласынан жеткен "Алғыс хатты" табыстады. Дәл осындай "Алғыс хат" бөрлілік мұғалім Ф.Ажыханова да табыс етілетін болады.

0
0
204

Осы тақырып бойынша