Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Енеңмен араңыз қалай?!

Қазіргі кезде жас келіндердің бірден бір шешілмеген проблемасы күйуінің шешесі яғни "енешкасы" болып жатады.Жауабы жоқ сансыз көп сұрақтар қатарында көбіне көп неге ене келінін өз қызындай көрмейді ?! Бір қарасаң өз бауырынан шыққан ұлы ал қыз сол ұлының сүйіп алған жары. Бірақ бір шаңырақ астында келіні мен енесі сыйыса алмауының себебі неде?! осыған әсер ететін өз достарымның өмірінен өз өмірімде де кездесетін факторларды атап өткенді жөн көрдім:

1. Өз ұлының үлкен болып, ер азамат ретінде әлі көре алмауы;

2. келінін өз ұлына лайық көрмеуі;

3. Өз ұлын қызғануы (басқа әйелмен бөліскісі келмеу)

4. Ұлы мен келініне шектен тыс көмек көрсеткісі келуінде (артық қыламын деп тыртық қылу);

5. Келінін ұнатпағандықтан оның әрбір іс қимылын аңду сөзбен қағыта сөйлеу;

6. Үй шаруасында, тамақ әзірлеуде өзінікін ғана дұрыс деп санау (енесі ғана ұлына жағатын тамақ жасай алам немесе одан таза адам жоқ деп тәкаппарлықққа салыну );

7. Кезінде келіні бір шындықты бетіне айтып сол үшін бір-біріне реніш сақтау;

8 Енеден бөлек қайын апа қайын сіңілдердің күйеуің екеуіңнің арасына түсуі (яғни келіннің істеген ісінен қателік іздеу )

9.Күйеудің әйелінің сөзіне құлақ аспауы, енесі әйеліне орынсыз зекіп жатса да айнымас бір позицияны ғана жақтау (яғни анасы ақылды әйелі- топас) ;

10. Келіннің өз  мінезінің шайпау болуы

Кей кезде шыдамсыздық танытып қолыңды бір сілтеп кеткің келеді. Күйеуің сені жақтамай жатқанда , енең тырнақ астынан кір іздеп жатқанда, қайын апаларың өз отбасы бола тұра сендердің өмірлеріңе араласуы  адамды нервтік жағдаятқа әкеп соғуы ғажап емес. Жаңадан келген келінге бөтен жерде жылылық танытпау өзегінен тебу  сабырсыздық бой алдыруға себеп болады.

Мүмкін қазір біреу осы жазбаны оқып енеңді жамандамай өзің лайықты келін бол деп ақылгөйсуі де мүмкін.  Ия әрбір таяқтың екі ұшы бар демекші мәселені екі жақтан да шешкен дұрыс. Мұнда біз кінәні бір адамға аспаймыз керісінше отбасындағы кикілжіңді болдыртауға бірлесе әрекет жасауымыз қажет. Келін де өз отбасынан жырақта кетіп, басқа әулетке келіп жатқанда оның жүрегіне ауыртып орынсыз кемшіліктермен қаяу түсірмей-ақ өз қызындай қабылдау керек. Еркелете отырып, мінін айта білу; Нағыз ақ кимешекті ана ретінде жас келінді барынша ұлағатты түрде тәрбиелеу. Ұлына әйелін сыйлауды үйретуден бастау. Қарап отырсақ шешілмейтін түйін жоқ. Бәрі өз қолымызда бір нәрсені бұзу да, қайта қалпына келтіре оны жарқыратып ұстау да. Енең жақсы болса, неге енемізді құрметтеп әспеттемеуге, келініміз кішіпейіл болса неге оны өз қызындай көріп аяламасқа?! Бәрі өз қолымызда аналар келіндер. Кішкентай болсын бір -бірімізге мейірімділік танытайықшы, аналарымыз салиқалы болып, жас енді ғана үлкен өмірге аяқ басқан келіндерімізге махаббат танытайықшы. Сонда отбасымыз шайқалмай, ажырасушылар саны азайып , ұрпағымыз көбейер еді.

.

0
0
1024

Осы тақырып бойынша

Енеңмен араңыз қалай?! - Yvision.kz