Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Енбекші,Жұмекен және Махаш округінің тұрғындармен кездесу өтті

Бүгін, Енбекші округінің орталығы Жұмекен ауылында және Махаш округінің орталығы Алға ауылында болып тұрғындармен санитарлық сақтық шараларын сақтай отырып кездесу өткіздім. Менімен бірге партиялас әріптестерім, облыстық маслихат депутаттығына партиялық тізіммен ұсынылған Әлібек Ибатоллаұлы,Жұмажан Өмірзақұлы,Зәмзәгүл Оңдасынқызы, Мереке Бақтығалиұлы және аудандық маслихатқа үміткелер Болат Теміржанұлы,Нұрлан Меңдіғалиұлы,Біржан Ахонұлы болды. Тұрғындарға партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасы мен ауданның даму жоспарынан түсінік беріп, олардың ұсыныс пікрлерін тыңдадым. Биылғы жылы 30 жылдық мерей тойы болатын Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы Еліміздің тыныштығы мен халқымыздың бірлігі екені, осы жылдары еліміз үшін, халқымыздың әлеуметтік, тұрмыстық жағдайы мен мемлекетіміздің экономикасын өрлетуге, ішкі және сыртқы саяси ахуалды жақсартуға жұмсалған Елбасымыз, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегі аталып, тұрғындар тарапынан қолдау тапты. Жалпы "Nur Otan" партиясына деген сенім, атқарылған игі жұмыстарға деген ризашылық аудан халқымен қай ауылда кездессекте шынайы көңілдерінен айтылып, болашақта бірге екенімізге үлкен үмітпен тілектерін білдіруде. Біз біргеміз, қиындықты да бірге жеңетінімізге сенім мол.

0
0
191

Осы тақырып бойынша

Енбекші,Жұмекен және Махаш округінің тұрғындармен кездесу өтті - Yvision.kz