Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Емдеу мекемелерінде жемқорлықтың алдын алу


Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бойынша жұмыстары аясында СҚО әкімдігінің «Облыстық тері-венерологиялық диспансері» шжқ КМК ұжымына семинар өткізді.


Кездесу барысында өңірлік Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің мамандары, мекеменің медицина қызметкерлеріне еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басым бағыттарын түсіндірумен қатар, жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексіне енгізілген жаңашылдықтар бойынша жемқорлық жасаған тұлғаларға қарастырылған жаза түрлері қарастырылды.


Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сын көтермейтіндігі де талқыға салынды. Өйткені өкінішке орай, тұрғындардан келіп түскен арыздардың басым бөлігі - медицина мекемелерінің қызметіне қатысты болып отыр.
Семинар соңында, қатысушыларға олардың қоғамдағы жемқорлыққа қарсы танымының деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді.
Ал көрсетілген тақырыптық слайдтар мен мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметі туралы таратылған үгіттік материалдар, ақ халатты абзал жандардың жемқорлыққа қатысты көзқарастарын түбегейлі өзгертетіндігі сөзсіз.

0
0
498

Осы тақырып бойынша

Емдеу мекемелерінде жемқорлықтың алдын алу - Yvision.kz