Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елордасы Нұрсұлтан қаласында «Nur Otan» партисының кезектен тыс ХХ Съезі басталды

XX съезд қарсаңында партияның Орталық аппаратында «Nur Otan» Саяси Кеңесінің отырысы өтті. Бейнеконференция байланысы режимінде ұйымдастыру мәселелерімен қатар партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындылары қаралды. «Nur Otan»-ның бесжылдық жұмысын қорытындылай келе, партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі сайлауалды бағдарламаны бақылау мен «кері байланыстың» пәрменді тетігі болғанын атап өтті. Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Nur Otan» 2014 жылы елімізде бірінші болып «Электронды партия» жобасы аясында қоғамдық онлайн-қабылдау бөлмесін, веб-портал ашып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы коммуникацияның жаңа арналарын енгізе бастады. «5 жыл ішінде партияға шамамен 1,2 млн. адам жүгінді, оның 30%-і өтініштерін онлайн жолдады. Өтініштердің 92%-і бойынша оң шешім қабылданып, тегін кеңес беріліп, құқықтық көмек көрсетілді. Нұротандық депутаттар, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары 180 мыңға жуық қабылдау өткізіп, 340 мыңнан астам азаматты қабылдады. Өтініштердің 72%-і оң шешімін тапты, 28%-і бойынша түсіндірмелер мен қажетті кеңестер берілді», - деді Бауыржан Байбек. Осы орайда, Исатай ауданы бойынша 2020 жылға 7 санатқа жататын отбасылар тізімі жасақталды. 700 ге тарта отбасы азық-түлік тағамдары және жеке бас гигиеналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Акцияға ауданымыздағы кәсіпкерлер, еріктілер мен мекеме қызметкерлері өз үлестерін қосты. Аудан бойынша 7 округке қарасты барлық елді мекендердегі мұқтаж отбасыларды қамту жұмыстары ұйымдастырылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Birgemiz Қоғамдық қорының қайырымдылық қолдауының алғашқы бөлінген қаражатына Исатай ауданының 1100 аз қамтылған отбасына 50 мың теңгемен ақшалай көмек көрсетілді.

0
0
121

Осы тақырып бойынша

Елордасы Нұрсұлтан қаласында «Nur Otan» партисының кезектен тыс ХХ Съезі басталды - Yvision.kz