Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Елорда – елдің бірлігі, Елбасы ерлігі»

«Елордамыз – Елбасымыздың ерен ерлігі. Мұны жер жүзінің екі жүзге жуық мемлекеттерінің баршасы мойындайды. Бұл – айдай ақиқат. Нұр-Сұлтан арқылы, Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан дүниежүзілік, халықаралық алуан түрлі, бейбітшілікке, тұрақтылыққа, татулыққа, адамзаттың бүгіні мен бо-ашағына, ізгіліктің мәңгілігіне қызмет ететін ірі-ірі, маңызды да мәнді шаралар арқылы біздің Көшбасшымыз жаһанды таңғалдырып келеді.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен 1997 жылғы 10 желтоқсанда Алматыдан шыққан көш-керуеннің Арқа төсіне, Есіл-Нұра жағалауларына қарай бет түзегені белгілі. Елбасының 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады. 2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды.

Нұр-Сұлтан – әлемдік әйдік шаһар. Түркі әлемінің жүрегі. Түркістан – түркі дүниесінің рухани астанасы, текті төрі.

Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.

0
0
112

Осы тақырып бойынша

«Елорда – елдің бірлігі, Елбасы ерлігі» - Yvision.kz