Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Елорда –елдің бірлігі, Елбасы ерлігі»

«Елорда –елдің бірлігі, Елбасы ерлігі»

Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі.Өтпелі, қиын кезеңде жаңа астана салу – өте күрделі мәселе еді. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі атанды.Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Ел астанасын ауыстыру Астананың экономикалық дамуына қуатты серпін берді. Қазіргі Нұр-сұлтан қаласы елдігіміздің бірлігі, тәуелсіздігіміздің тірегі болса, осындай заманауи қала тұрғызу - Елбасы Н.Назарбаевтың ел болашағы үшін ұмытылмас ерлігі болып саналады. Елордамыз гүлдене берсін, Тәуелсіздігіміз нығая берсін.

0
0
240

Осы тақырып бойынша

«Елорда –елдің бірлігі, Елбасы ерлігі» - Yvision.kz