Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елін сүйген - Елі сүйген Елбасы

Елбасы еліміздің бірлігін, адам мен азаматтың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылатындығы күмәнсіз.

Елбасымыз ата-бабаларымыздың тәуелсіздік туралы ғасырлар бойғы ар- мандарын ақиқатқа айналдыруға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, ол — әлеуметтік-экономикалық, саяси қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттің бірегей моделін жасаған аса көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз қиын-қыстау кезеңді бастан өткерген сәтте халықтың еңсесін көтеріп, жүрегіне болашаққа деген сенімін ұялатқан Елбасы болатын.

Бүгінде Қазақстан іргесі берік ірі мемлекетке айналды. Қай сала да қарқынды дамып, толайым табыстарға кенелді. Қазақ елі әлемге та- нылды. Тәуелсіз мемлекетіміздің күллі табыстары мен айқын жетістіктері Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен байланысты! Президент халықтың сенімін ақтап, Қазақстанды мықты мемлекетке айналдыра білді. Саяси және экономикалық салада жүргізген салиқалы реформа- лары Қазақстанды қазіргі деңгейге жеткізді. Бұл мемлекет тәуелсіздігінің жеңісі болды.

Бүгінде елмен бірге Мақат ауданы да қарқынды дамып келеді. әлеуметтік сала мемлекет қамқорлығында болған соң да тұрақты дамуда. Халық үшін жайлы баспана, инфрақұрылым жайы жылдан-жылға жақсаруда.

Қазақстандықтар өз Отаны мен өз Президентін мақтан тұтады. Қазақстан азаматы болу - зор абырой және биік мәртебе. Сондықтан Отанымызды қастер тұту, ел ертеңіне сенім арту - әрқайсымыздың азаматтық парызы- мыз.

Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға бақыт, отбасыларыңыздың амандығын, толағай табыстар тілеймін.

Құрметпен, "Nur Otan" партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Шәкір КЕЙКИН

0
0
183

Осы тақырып бойынша

Елін сүйген - Елі сүйген Елбасы - Yvision.kz