Еліміздің көк туы әлем алдында биік тұру керек
Спорт – салауаттылық кепілі, денсаулықтың тірегі. Әдетте кез келген адам спортпен шұғылдана білуі мүмкін, бірақ шын спортшы болуы екіталай. Өйткені ол – спорт өнерінде қайтпас қайсар мінез бен күш-жігерді үйлестіре білген кісі ғана ұтатын өмір шындығы. Бүгін аудандық партия филиалында «Еліміздің көк туы әлем алдында биік тұру керек» - тақырыбында ауданымыздың намысын облыс, республика және әлемдік додаларда қорғап жүрген спорт саласының өкілдерімен кездесу болып өтті. Аталмыш кездесуді «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаева жүргізіп отырды. Адамның денсаулығын нығайтып, сергек жүруіне септігін тигізетін күш дене тәрбиесі мен спорт екені белгілі. Бүгінде шәкірт тәрбиелеп әлемдік ареналарды көк байрағымызды желбіретуде үлес қосып жүрген Мәдениет ауылдық жасөспірімдер мен спорт мектебінің жетістіктері ұшан теңіз. Көрегенұлы Бекарыс, Айдосұлы Мадияр, Сатбай Диляра сынды шәкірттері таеквондо, бокстан ҚР чемпионаттарында топ жарып, бүгінде халықаралық турнирлердің жеңімпаздары атынып үлгерген. «Қара бет боп қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық» - деп Б.Момышұлының бұл ұлағатты сөзін өмірлік ұстаным ете білген спортшыларымыз әрдайым еліміздің алдыңғы қатарда болуы үшін күш жігерін аямайтындарын жеткізді.
