Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еліміздің барлық аудан, қала, облыстарында жаңа шақырылымдағы мәслихаттардың бірінші сессиялары өтті

Құрметті достар! Еліміздің барлық аудандарында, қалалары мен облыстарында жаңа шақырылымдағы мәслихаттардың бірінші сессиялары өтті. Біздің фракцияларымыз сайлау қорытындылары бойынша барлық деңгейдегі өкілді органдардың басым бөлігін қалыптастырып, мандаттардың жалпы санының орташа алғанда 80%-тен астамын құрады.

Партиямыздың депутаттық корпусы алғашқы күннен бастап сайлауалды уәделерді іске асыруға кірісті. Сонымен, «Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламаларының негізінде 2025 жылға дейінгі 216 аумақтық даму бағдарламасы бекітілді.

Біздің сайлауалды басымдықтарымыз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында халықпен, оның ішінде шалғай елді мекендер тұрғындарымен жан-жақты талқылау қорытындысы бойынша қалыптастырылды. Тек праймериз барысында ғана біз азаматтардан 20 мыңнан астам ұсыныс жинадық. Бұдан бөлек үгіт-насихат кездесулері кезеңінде тағы 42 мыңнан аса аманат түсті. Олардың 65%-тен астамы аймақтық бағдарламаларды бекіту кезінде ескерілді.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, «Nur Otan» депутаттары әрбір өңірде, қала мен ауданда барлық сайлауалды міндеттемелердің орындалуына жүйелі бақылауды қамтамасыз етуі тиіс.

Әрбір бағыт бойынша нысаналы индикаторлар мен мерзімдер қойылып, жауапты орындаушылар белгіленеді. Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бір ай ішінде әрбір жылға нақты көрсеткіштері бар тиісті жол карталары әзірленіп, жария түрде қарауға ұсынылады.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы еліміздің әлеуметтік дамуын ілгерілетуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты шаралардың тиімді кешенін ұсынады.

Мақсаты айқын, нақты істер партиясы ретінде «Nur Otan» барлық деңгейде өзінің сайлауалды уәделерін іске асыруды қамтамасыз етеді! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Бауыржан Байбек.

***

Дорогие друзья! Во всех районах, городах и областях нашей страны прошли первые сессии маслихатов нового созыва. Наши фракции по итогам выборов сформировали большинство в представительных органах всех уровней, в среднем более 80% от общего количества мандатов.

С первых дней депутатский корпус нашей партии приступил к реализации предвыборных обещаний. Так, на основе предвыборных программ «Nur Otan»-а утверждены 216 программ территориального развития до 2025 года.

Наши предвыборные приоритеты были сформированы в рамках реализации концепции «Слышащего государства» по итогам широкого обсуждения с населением, в том числе из самых отдаленных населенных пунктов. Только в ходе праймериз мы собрали от граждан более 20 тысяч предложений. Еще свыше 42 тысяч наказов поступило в период агитационных встреч. Более 65% из них были учтены при утверждении региональных программ.

Как сказал Елбасы, Лидер партии Нурсултан Назарбаев, депутаты «Nur Otan»-а должны обеспечить системный контроль исполнения всех предвыборных обязательств в каждом регионе, городе и районе.

По каждому направлению будут установлены целевые индикаторы и сроки, определены ответственные исполнители. Совместно с Правительством и местными исполнительными органами в течение месяца будут разработаны и представлены для публичного рассмотрения соответствующие дорожные карты с конкретными показателями на каждый год.

Как подчеркнул Президент страны Касым-Жомарт Токаев, предвыборная программа «Путь перемен: Достойная жизнь каждому!» предлагает эффективный комплекс конкретных мер, направленных на социальный прогресс страны и повышение благосостояния народа.

«Nur Otan», как партия реальных дел и ясных целей, обеспечит на всех уровнях реализацию своих предвыборных обещаний! Преодолев испытания, победим вместе!

Бауыржан Байбек.

0
0
211

Осы тақырып бойынша