Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Еліміздегі саяси науқан ең шешуші сәтіне тақады.

Бүгін, 8-ші қаңтар саяси партия үшін сайлауалды үгіт-насихат жүргізетін соңғы күн. Әр адам өз таңдауын жасайды.

Ертең-тыныштық күні, яғни бүгін түн жарымынан кейін үгіт жүргізуге болмайды.

Үгіттің соңғы күні, Мұнайлы ауданында болып, ауыл ақсақалдарымен кездесу өткіздік. Жиында ҚР Мәжіліс депутаттығына үміткер Самат Мұсабаев, облыстық маслихатқа кандидат Гүлнар Тасболатова, аудандық маслихатқа кандидат Гүлфайруз Бименбетова, Мадина Жанжигитова, Роза Отегуловамен бірге ардагерлерімізге сайлауалды бағдарламасын таныстырдық.

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау мақсатында халықпен ашық диалог орнатып, 20 жылдан аса тарихы бар еліміздің жетекші партиясының күні бүгінге дейін атқарған жұмыстары туралы сөз еттік.

Ақсақалдарымыз бірауыздан қолдап, батасын берді.

#BizBirgemiz!

#NurOtan

#JenimpazBol

0
0
168

Осы тақырып бойынша

Еліміздегі саяси науқан ең шешуші сәтіне тақады. - Yvision.kz