Елімізде стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігі құрылады.
Елімізде стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігі құрылады. Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүрлі Жолдауында жариялады.
- «Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүзеге асыру керек. Мемлекеттік басқару мен кадр саясаты, шешім қабылдау мен оларды жүзеге асыру үшін жауапкершілікке әдістерді өзгерту керек. Пандемия мен дағдарыс кезінде әрекеттегі мемлекеттік басқару жүйесі барынша жұмыс істеп жатыр. Жедел шешім қабылдау көп ресурсты қажет етеді. Сондықтан мен Стратегиялық жоспарлар мен реформалар агенттігін құру шешімін қабылдадым. Ол тікелей Президентке бағынады,» - деді Қ.Тоқаев.
