Елімізде алдағы сайлауға байланысты үгіт - насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Құрметті достар!
Өздеріңізге белгілі елімізде алдағы сайлауға байланысты үгіт - насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы орайда мен де қалалық депутаттыққа үміткер ретінде үгіт- насихат өткізудемін. Тұрғындарды аралап, ел ағаларына барудамын.
Жаңа жыл қарсаңында партия ардагері, қаламыздың құрметті азаматы, ҚР Журналистер одағының мүшесі, қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасыЕсберген Іңірбай ақсақалдың шаңырағына барып, батасын алдық. Саясатты бір адамдай білетін ағамыз, Елбасының бастамасымен партияның атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, алдағы сайлауда сәттілік тіледі.
Дана халқымыз «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас» деп бекер айтпаған. Ақсақалдың ақ батасы қабыл болып, сайлауда "Nur Otan" партиясы жеңіске жетеді деген сенімім мол.
Құрметті жерлестер!!!
Сіздер де өз таңдауларыңызды жасап, 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсене атсалысыңыздар. Жетістікке бірге жетейік!
"Nur Otan" партиясына дауыс бер!
#NurOtan
#Муратбек Дощанов
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз



