Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Елге қызмет, абыройлы міндет» Гүлжан Құрманбекова

"Nur Otan" партиясының бүгінгі съезінен осыны аңғардым. Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев түрлі мәселелерді қозғап, азаматтарға, партия белсенділеріне нақты тапсырмалар берді.

Биылғы праймериз партияны қайта жаңғырту бағытындағы нақты іс болды. Мен де отыз жылдан бергі мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибемді заң шығарушы органда пайдалануды жөн көрдім. Түркістан облысындағы партияластарым мені қолдады. Бұл ретте барша "нұротандықтарға", Елбасымызға рахмет айтамын.

Жұмыс істеуде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын» мемлекет тұжырымдамасын негізге аламын.

Бүгінгі съезд көптеген сұраққа жауап берді. Партияның сайлауалды бағдарламасы бекітіліп, Мәжіліске үміткерлер тізімі ұсынылды.

Алдағы сайлау биліктің өкілді органдарының рөлін арттыруда шешуші қадам болмақ. Дәлірек айтсақ, «Қуатты президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасы нақты жүзеге асатын сәт жақын.

Осы саяси реформа арқылы Парламенттің Үкімет қызметін бақылаудағы рөлі күшейеді. Министрлер мен әкімдер парламентке есеп береді. Депутаттардың жауапкершілігі артады. Бұл ретте "Nur Otan" партиясы аса маңызды рөл атқаратыны анық.

«Елге қызмет, абыройлы міндет»

Гүлжан Құрманбекова,

Праймериз жеңімпазы,

Түркістан облысы.

0
0
159

Осы тақырып бойынша

«Елге қызмет, абыройлы міндет» Гүлжан Құрманбекова - Yvision.kz