«Электронды үкімет» порталы
Қазақстан Республикасының «Электрондық үкіметі» барлық мемлекеттік органдарды біріктіретін және оларға Интернет, электрондық терминалдар, тіпті мобильдік телефонның көмегімен жеке және заңды тұлғаларға қызметтер көрсетуге мүмкіндік беретін жүйе.
Елбасымыз айтқандай, «Электрондық үкімет» енгізу – бұл мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарлатуға бағытталған әкімшілік реформаның маңызды элементі. Біріншіден, ол мемлекеттік процедуралардың тұнықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлықты төмендетуге мүмкіндік туғызады. Екіншіден, мемлекеттік аппаратты ұстау бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартады және бір уақытта мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жоғарылатады. Үшіншіден, қызметтің кәсібилігін жақсартады. Төртіншіден, салықтарды төлеу, әртүрлі құжаттарды ресімдеу және алу сияқты процедураларға көп уақыт кетірмеуге мүмкіндік береді».
Бүгінде «Электрондық үкімет» порталында азаматтарға 240 онлайн қызметтер мен сервистер қолжетімді, оның ішінде 56-дан астамын мобильдік қосымша арқылы алуға болады. Отандастарымыз портал арқылы көбінесе мекенжай анықтамасын (62 млн.), зейнетақы аударымдары туралы анықтаманы (11,8 млн.) және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтаманы (18,6 млн.) жиі алады. Жалпы, еліміз бойынша осы уақытқа дейін азаматтарға 124 миллионнан астам әр түрлі қызмет көрсетілген.
«ХҚКО» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі
