Электрондық еңбек биржасының деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айында жұмыс іздеушілер ...
Электрондық еңбек биржасының деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың тамыз айында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер 57,5 мың түйіндеме мен 113,1 мың бос жұмыс орны жөнінде хабарлама орналастырды. Шілдемен салыстырғанда түйіндемелер саны 20%-ға, ал бос орындар туралы хабарландыру саны 38%-ға артты. Жаңа оқу жылы қарсаңында Алматы (+130%), Жамбыл (+142%) және Маңғыстау (101%) облыстарында жоғары білікті мамандардың, әсіресе орта мектеп мұғалімдері бос орындарының айтарлықтай өсуі байқалады. Тамыз айында кәсіби мамандар арасында белсенділіктің артуы байқалды. Мәселен, өткен аймен салыстырғанда бос орындар саны 135% - ға (+16,7 мың бірлік), ал түйіндеме 71% - ға (+21,2 мың) артты. Сонымен қатар, бұл топ арасында ең көп сұранысқа ие шет тілдері (+1,8 мың), орыс тілі мен әдебиеті (+1,7 мың), сондай-ақ бастауыш сыныптар мен математика (+1,2 мың) бойынша мамандықтары болды. Сонымен қатар, ізденушілер арасында орта мектеп, оның ішінде шет тілі (+1,4 мың), бастауыш сынып (+844), дене шынықтыру (+810) және қазақ тілі (+725) мұғалімдерінің түйіндемелері санының өсуі байқалады. https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/251789...
***
Согласно данным Электронной биржи труда, в августе т.г. соискатели и работодатели разместили 57,5 тыс. резюме и 113,1 тыс. вакансий. По сравнению с июлем количество резюме увеличилось на 20%, а вакансий – на 38%. В преддверии нового учебного года заметен значительный рост вакансий специалистов высокой квалификации, в особенности учителей средних школ в Алматинской (+130%), Жамбылской (+142%) и Мангистауской (101%) областях. В августе наблюдалось увеличение активности среди специалистов-профессионалов. Так, в сравнении с предыдущим месяцем, количество вакансий среди них увеличилось на 135% (+16,7 тыс. ед.), а резюме на 71% (+21,2 тыс.). При этом самыми востребованными среди этой группы оказались учителя иностранных языков (+1,8 тыс.), русского языка и литературы (+1,7 тыс.), а также начальных классов и математики (по +1,2 тыс.). Вместе с тем, среди соискателей также наблюдается увеличение количества резюме учителей средних школ, в том числе иностранного языка (+1,4 тыс.), начальных классов (+844), физической культуры (+810) и казахского языка (+725). https://www.gov.kz/.../enbek/press/news/details/251789...
