ru
Default banner
Разное
426 450 жазбалар45 тіркелуші
Всяко-разно
0

Электоральды науқанда біздің партия 28 мыңдай үгіт-насихат іс-шарасы мен кездесулер өткізді

Құрметті достар! Өздеріңізге белгілі, өткен электоральды науқанда біздің партия бір айға жетпейтін уақытта 7 миллионнан астам сайлаушыны қамти отырып, 28 мыңдай үгіт-насихат іс-шарасы мен кездесулер өткізді.

Әрбір қала мен ауданда 7 мыңнан астам нұротандық аға буын өкілдерімен, жастармен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, жұмысшылармен, аграршылармен, кәсіпкерлермен, зиялы қауыммен және басқа да азаматтармен кездесті. Басқосулар барысында мәселелер ашық талқыланып, партияның сайлауда көздеген мақсаты тілге тиек етілді.

«Nur Otan»-ның жеңіске жетуіне жас белсенділеріміз үлкен үлес қосты. «Есіктен есікке» акциясы аясында жасотандықтар 1,4 млн. үй мен пәтерлерді аралап, 6,2 млн. үгіт материалын таратты.

Өңірдерде қоғамдық қабылдау бөлмелері қарқынды жұмыс істеп, оларға 95 мың өтініш түсті. Біздің кандидаттарымыз бен сенім білдірілген тұлғаларымыз 48 мыңнан астам адамды қабылдады.

Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев өткен сайлау барысында «Nur Otan»-ның үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқаны үшін 18 мыңнан астам қатардағы белсенді мен партия жақтастарына алғыс хаттар жолдады. Олардың 70%-тен астамы – аудандар мен шағын қалалардың тұрғындары. Марапатталатындардың 36%-ті – әйелдер, 27% – 35 жасқа дейінгі жастар.

Елбасы атап өткендей, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы тұсында қол жеткізген бұл айқын жеңіс халықтың елдің тұрақты даму бағдарын жақтайтынын көрсетіп отыр.

Сондықтан біздің партия бір ай ішінде жұртшылыққа барлық ауданда, қалада және облыста сайлауалды уәделерді іске асыру бойынша жол карталарын ұсынады. Онда нақты нысаналы индикаторлар, жылдар бойынша іске асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты орындаушылары көрсетіледі.

«Nur Otan» – мақсаты айқын, нақты істер партиясы! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

***

Дорогие друзья! Как вы знаете, в рамках прошедшей электоральной кампании наша партия менее чем за месяц провела порядка 28 тысяч агитационных мероприятий и встреч с охватом более 7 миллионов избирателей.

В каждом городе и районе более 7 тысяч нуротановцев встретились с представителями старшего поколения, молодежью, врачами, учителями, рабочими, аграриями, предпринимателями, интеллигенцией и многими другими. Открыто обсуждались проблемы, цели, с которыми партия идет на выборы.

Большой вклад в победу «Nur Otan»-а внесли наши молодые активисты. В рамках акции «От двери к двери» жасотановцы обошли 1,4 млн. домов и квартир, распространив 6,2 млн. агитационных материалов.

В регионах активно работали общественные приемные, поступило 95 тысяч обращений. Наши кандидаты и доверенные лица приняли более 48 тысяч человек.

За активное участие в агитационной кампании «Nur Otan»-а в ходе прошедших выборов Елбасы, Лидер партии Нурсултан Назарбаев направил благодарственные письма более 18 тысячам рядовых активистов и сторонников партии. Так, свыше 70% из них являются жителями районов и малых городов. Более 36% награждаемых – женщины, 27% – молодежь до 35 лет.

Как отметил Елбасы, убедительная победа, достигнутая в год 30-летия нашей Независимости, демонстрирует приверженность народа курсу стабильного развития страны.

Поэтому в течении месяца наша партия представит общественности дорожные карты по реализации предвыборных обещаний во всех районах, городах и областях с конкретными целевыми индикаторами, сроками реализации по годам, а также ответственными исполнителями.

«Nur Otan» - партия реальных дел и ясных целей! Преодолев испытания, победим вместе!