«Елдіктің жеті тұғыры» атты Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Бүгін, «Nur Otan» партиясының ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Есенсай ауылдық округінің әкімі И.Баймұратов пен«Есенсай» бастауыш партия ұйымының төрағасы М.Сапа БПҰ мүшелерімен кездесті. Кездесу барысында күні кеше Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясының кеңейтілген кеңесінде, Елбасының ұсынған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының бағыттары мен партия Саяси кеңесінің кеңейітілген отырысының қортындылары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп,жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.
