«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын түсіндіру мақсатында ‘Табиғат’ БПҰ кездесу болып өтті.
«Nur Otan» партиясы Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды.
Егемендіктің отыз жылдығына тұспа-тұс келген бұл жаңа Жолдау қазақ елінің жаңа саяси бағдарын анықтап, бірлігі мен тұтастығын бекемдейтін жаңа құжатқа айналмақ. Елбасы ұсынған әрбір тұғыр – тарихпен тамырлас, бүгінгі күнгі өмір талабымен үндес.
Елбасының
«Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының маңыздылығын түсіндіру мақсатында бүгін ‘Табиғат’ бастауыш партия ұйымында кездесу болып өтті. Кездесуге облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тойлыбаева Гульнар Қожағұлқызы қатысты.
