Мазмұнға өту
Обложка сообщества Образование

Елдің тағдыры сол елдегі адамдардың біліміне байланысты

Қаншама адамдар өмірден өз орындарын таба алмай жүр?! Соның ішінде, мен Қазақстандағы оқушылар мен студенттер туралы сөз қозғамақшымын. Еске түсетін ең бірінші проблема, ол - мамандық таңдау. Елімізде оқушылармен “кәсіптік бағдар беру жұмыстар” жүргізу өте төмен деңгейде. Мектептегі соңғы 2 жылың оқушы ҰБТ - ға дайындалуға жұмсайды. Олардың барлығы дерлік мамандық туралы ойланбайды. ҰБТ - да алған баллына байланысты, грант көп бөлінетін мамандықтарды таңдай салады. Оған кім кінәлі? Мүмкін біздің білім жүйеміз?

Екінші проблема - студенттер. Мен өте көп студенттерді түсінбеймін, себебі олар не үшін және не оқып жүргендерін білмейді. 4 жылды жай ғана уақыт өткізу үшін емес оны білім алумен, оқумен, тәжірибе жинаумен өткізу керек. Әрине, Қазақстандағы жоғары оқу орындарынан шынайы білім аламын деп ойламау керек, бірақ ол мүлде басқа әңгіме. Тағы да еліміздегі сапасыз білім жүйесі есімізге түседі.

Тағы бір проблема - біздің менталитет. Көп студенттер тек диплом алып, оны ата-анасына апарып беру үшін ғана университетде жүреді, себебі сол баяғы жұрттан ұят болады, ағайын-туыстың бетіне қалай қараймын деген әңгімелер басталады. Бізге әлдеқашан түсінетін уақыт болды, жұрттың айтқанымен жүруге болмайды, тек өзіне ұнайтын, өзіне шынайы ляззат әкелетін кәсіппен айналысу керек. Диплом, жоғары оқу орыны, оның бәрі далбаса, ең бастысы мықты маман иесі болу, сонда ғана сені басқалар мойындайды. Студенттің басты қаруы бір парақ қағаз емес, тек ақылы болу керек.

Атақты американдық филантроп Джордж Пибоди айтпақшы "Елдің тағдыры сол елдегі адамдардың біліміне байланысты", сондықтан бізге білім жүйесіне жаңа реформалар керек. Алайда, “балық басынан шіриді” демекші, жоғарыда отқан депутаттарымыздың көбісі саналы сөз айтып үйренбегеніңше реформалардың бола қоймайтыны айдан анық.

1
1
651

Осы тақырып бойынша