Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елбасының тікелей бастамасымен кешегі пандемия кезінде қор құрылып, игі жұмыстар жасалды!

Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік – біз үшін басқа қонған бақ, астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы керек. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астына жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесары атамызды айтсақ та жеткілікті болар.

Сол замандарда ел ақылды әрі айлалы ісімен, іскерлігімен сүйсіндіретін азаматтардың маңайына топтасқан. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой.

Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ халқының тұңғыш Елбасы болды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.

Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Жалпы қазақ халқына осы тәуелсіз күндер оңай келген жоқ. Менің қазағым аштықты да, қызыл қырғынды да, Сталиндік репрессияны да бастан өткізді. Бірақ осы қиын - қыстау кезеңдердің бәрінде қазақ қазақтығын, елдігін көрсетіп, дәлелдеп отырды, қарсы келген дұшпанға айтарлықтай тойтарыс бере алды. Тіпті өзі қырылып қалса да дұшпанға берілмеді, ар - намысты таптатқызбады.

Елбасының еселі еңбегінің арқасында Қазақстанда аспан ашық, бейбітшіліктің бесігінде тыныш өмір сүрудеміз.

0
0
181

Осы тақырып бойынша

Елбасының тікелей бастамасымен кешегі пандемия кезінде қор құрылып, игі жұмыстар жасалды! - Yvision.kz