Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауы туралы өз ойым...

Елбасымыздың кезекті «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауын тыңдап шықтым. Жолдауды тыңдай отырып, Елбасымыздың халыққа жанашырлығы мен ыстық ықыласын сезіндім. Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ең бастысы - Республикамыздағы тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтап қана, біз болашаққа нық сеніммен қарап, барлық сынақты өткере аламыз.

Бұл жолдауда Елбасы жол құрылысына баса мән беріп отыр: "Жолдар – Қазақстан үшін өмір желісі. Біздің кең байтақ жерімізде жолдар бойында әркезде де өмір пайда болған және дамып отырған. Біз Астанадан барлық жақтарға автомобиль, теміржол және авиациялық магистральдар тарайтындай көлік желісін құруға тиіспіз. Жүректен тарайтын артериялар сияқты. Күннен тарайтын шұғыла сияқты". Шынында, Қазақстан – ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр аумақты алып жатыр. Еліміздегі жол қатынасын дамыту арқылы экономикамыз бен мәдениетімізді және абыройымызды арттыруға мүмкіндік аламыз. Себебі, ол біріншіден жұмыссыздықты жоюға көмектессе, екіншіден, облыстар бір-бірімен сауда-саттық жасасып, барыс-келістер күшееді. Осылайша, алысты жақын ету арқылы Президентіміз бірнеше мәселенің шешілуін қарастырған.

Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамытуды қолға алып отырғаны қуантты. Атап айтқанда, жалға берілетін үйлер құрылысы, мектептерді жөндеуден өткізу және бала-бақшалар санын көбейту. Елбасы жолдауы болашаққа сенім береді. Себебі, алға қойған міндеттердің орындалуы - халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жоғарылатуға және геополитикалық дағдарысты дұрыс өткеруге көмектеспек.

   
     
0
0
2500

Осы тақырып бойынша

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауы туралы өз ойым... - Yvision.kz