Елбасының «бірінші тоқсандағы» бағасы? «4» не «5» қояр едім...
Желіде Елбасының жұмыс күндері, мемлекеттік сапарлар мен түрлі деңгейдегі кездесулерден құралған видематериал - ролик жарияланды. Бұл жолы, «Егеменнен» қарадым. Кейін, қарап отырсам – видео Назарбаевтың Facebook желісіндегі парақшасында алғаш пайда болыпты. Оны қойшы, қайда, неге жарияланғанында емес, мәселе, Елбасының халыққа одан сайын жақындай түсуінде.
Сонымен, 90 күнде Елбасы не тындырды?
* 39 іс-шараға қатысыпты. Оның ішінде, Үндеу, Жолдаулары да бар. Универсиада ойындары, Қарағанды мен Ақмола облыстарының тұрғындарымен кездесуі мен журналистерге берген сұхбаттары да бар.
* 90 күнде 9 жеделхат (еліміздегі және шетелдегі оқиғаларға қатысты) жолдаған. Оған, шетел президенттерімен 9 рет телефон арқылы хабарласқанын қосыңыз.
* Ресей, БАӘ, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Әзірбайжан елдерінің Басшыларымен кездесіп үлгірді.
* Назарбаев 78 нормативтік-құқықтық актіге қол қойыпты. Олардың қатарында 48- Жарлық, 17- Өкім және 13 Заңдар бар.
Масқара, осының бәріне қалай үлгіреді екен?
Трамп не істеді? Оған да жүз күн болып қалды-ау?
Өзбек басшысы ше? Тауықтарының жұмыртқасын санап болды-ау. Ол да бір тынымсыз адам боп көрінеді.
