Елбасы төрағалығымен «Nur Otan » партиясының XX съезі өтті.
Елбасы төрағалығымен «Nur Otan » партиясының XX съезі өтті.
Партия негізгі үш қағидаға сүйенеді. Жауапкершілік, жұдырықтай жұмылу, ортақ мұрат-мақсаттарға адалдық. Алдағы уақытта да осы бағытынан таймайды. 5 жылға түзген жоспары сан-салалы. Бірақ, пандемия жаһандық өзгеріс жасады. Белгісіздік басым. Әлемдік экономика ондаған жылдарға кері кетті. Ендігі міндет - осыған дейінгі өсім үдерістерін қалпына келтіру.
Мемлекет басшысы өз сөзінде елді дамытудың негізгі мәселелеріне тоқталып, «Nur Otan » партиясының алдына жаңа сайлауалды бағдарламасына қатысты бірқатар нақты міндет қойды.
Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы «Nur Otan » партиясының барлық саяси күштермен сындарлы өзара іс-қимыл жүргізуге әзір екенін атап өтті.
– Мен партияның барлық филиалдары мен ұйымдарының сайлауға дайындық жұмысын белсене жүргізіп, жеңіске жетулеріне тілектестік білдіремін. Сайлауалды бағдарламамызды әрбір сайлаушыға жеткізу керек. Біздің ортақ мүддеміз – тұрақты, біртұтас және өсіп-өркендеген Қазақстан, – деді Елбасы.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті Парламент Мәжілісінің депутаттығына партия ұсынған кандидаттарға алдағы сайлау науқаны барысында табыс тіледі.
