Елбасы шығармашылығына арналған көрме өтті
"Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалының ұйымдастыруымен Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінде "Елбасы және Қазақстан!" тақырыбында Елбасының қызметі туралы құжаттар, фотоматериалдар, кітаптар, жеке заттар, бейнелеу өнері туындыларынан құралған көрме өтті. Көрмеге қатысқан мәдениет саласының өкілдері Елбасының өрелі еңбек жолымен танысып, шығармашылық жолы мен атқарған еңбектері туралы кеңінен насихатталуына өз үлестерін қосты. Елі сүйген, елін сүйген Елбасының атқарған еңбектері ұшаң-теңіз екені әмбеге аян. Қазақ елінің буыны қатып, аяққа нық тұруына бар күш-жігерін салған Елбасымыздың еңбегі мақтауға, мақтануға әбден лайықты.
