Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин,Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады

Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады ⠀ Кездесуде «Nur Otan» партиясының Төрағасына «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды. ⠀ Партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр А.Мамин сайлауалды бағдарлама елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың жалғасы екенін айтты. Ол партияның алдына ауқымды әрі нақты мақсаттар қойғанын, оны бағындыруға қажетті барлық ресурс жеткілікті екенін атап өтті. ⠀ Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президентіне 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, Үкіметтің жаһандық дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканың өсу қарқынын сақтау жұмыстары туралы баяндалды. ⠀ Елбасы жұртшылық арасында вакцина салудың мән-маңызы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті. --- ⠀ Елбасы принял Премьер-Министра Аскара Мамина и Первого Заместителя Премьер-Министра Алихана Смаилова ⠀ В ходе встречи Председателю партии «Nur Otan» была представлена информация о текущей деятельности по осуществлению Дорожной карты, направленной на реализацию Предвыборной программы партии – «Путь перемен: достойную жизнь каждому». ⠀ Член Бюро Политического совета партии, Премьер-Министр А.Мамин отметил, что Предвыборная программа является продолжением курса реформ, осуществляемого в стране. Он подчеркнул, что партия поставила амбициозные, но четко выверенные цели, достижение которых подкреплено всеми необходимыми ресурсами. ⠀ Также в рамках встречи Первый Президент Казахстана был проинформирован об итогах социально-экономического развития за первый квартал 2021 года, работе Правительства по сохранению темпов роста национальной экономики в условиях глобального кризиса. ⠀ Елбасы также отметил значимость информационно-разъяснительной работы о важности вакцинации среди населения. ⠀ 🔗Elbasy.kz

0
0
217

Осы тақырып бойынша

Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин,Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады - Yvision.kz