Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елбасы Премьер-Министр А.Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә.Смайыловты қабылдады

Кездесуде «Nur Otan» партиясының Төрағасына «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған Жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат ұсынылды.

Партияның Саяси кеңесі Бюросының мүшесі, Премьер-Министр А.Мамин сайлауалды бағдарлама елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың жалғасы екенін айтты. Ол партияның алдына ауқымды әрі нақты мақсаттар қойғанын, оны бағындыруға қажетті барлық ресурс жеткілікті екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президентіне 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, Үкіметтің жаһандық дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканың өсу қарқынын сақтау жұмыстары туралы баяндалды.

Елбасы жұртшылық арасында вакцина салудың мән-маңызы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

0
0
127

Осы тақырып бойынша

Елбасы Премьер-Министр А.Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ә.Смайыловты қабылдады - Yvision.kz