Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен NurOtan партиясының кезектен тыс XX Съезі болып өтті.
Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен #NurOtan партиясының кезектен тыс XX Съезі болып өтті.
Жинында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Назарбаев университетінің тәжірибесімен екі өңірлік жоғару оқу орны құрылатынын айтқан болатын.
"Педагог кадрларға сұранысты арттыру және білім беру сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы екі есеге артады. Заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізі болуы керек. Назарбаев университеті тәжірибесімен кемінде екі озық өңірлік жоғары оқу орны құрылады", - деді Тоқаев өз сөзінде.
Съезд барысында Парламент Мәжілісінің сайлауына партиялық тізімді бекіту, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру және басқа да бірқатар іс-шаралар негізінде баяндама жасалды. Партиялық тізімге партияның Саяси Бюросы мен Саяси кеңесінің өткен отырыстарының қорытындысы бойынша съезге шығарылатын 126 кандидат кірді. Барлық партиялас-әріптестерге сәттілік тілеймін.
