Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезді өтті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX Съезді өтті. Жиында Елбасы соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті соңғы бір жылдың ішінде партия жұмысын қайта жандандыру бағытында ауқымды жүйелі жұмыс атқарылғанына назар аудартты. Сондай-ақ Елбасы праймеризге қатысушылар мен онда жеңіске жеткен азаматтарға сәттілік тіледі.
Ақтау қаласынан партиялық тізімге енген барлық деңгейдегі Мәслихат және Мәжіліс депутаттығына үміткерлерге сәттілік тілеймін!
Ақтау қалалық "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Муратбек Дощанов
