Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Алғыс хатымен" марапатталды
Барлығымызға белгілі үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарының сайлауы өтті.
Бүгінгі күні сайлауға белсенді қатысқан, "Nur Otan" партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне өз үлесін қосқан сайлауалды штабы аппаратының мүшелері, аудандық БАҚ өкілдері "Nur Otan" партиясының төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Алғыс хатымен" марапатталды.
«Нұр Отан» партиясы алғашқы құрылған күннен тың бастамалар көтеріп, жауапты шешімдер қабылдауға ұйытқы болып келеді. Әрі партия елмен етене қайнасып, халықтың мүддесін жеткізіп жүрген бірден-бір қоғамдық ұйым болып табылады. Бүгінде «Нұр Отан» нағыз халықтық партия екенін көрсетіп келе жатқанын көріп отырмыз. Сол себепті өткен сайлаулардың бәрінде көпшіліктің сеніміне ие болып отыр.
Қазіргі таңда "Nur Otan" партиясы Зеренді аудандық филиалының жанындағы депутаттық фракцияның жылдық жоспары құрылып, жаңа құраммен өз жұмысын бастап кетті.
