Елбасы Н.Назарбаевтың Алғыс хаты
Халық қалаулылары марапатталды
Бүгін «Nur Otan» ғимаратында аудандық мәслихат депутаттары марапатталды. Жиын барысында сөз алған «Nur Otan» партиясы аудандық филалы төрағасының бірінші орынбасары Рухолла Саматов Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенді жұмыс атқарған аудандық мәслихат депутаттарына алғысын білдірді. Одан әрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен халық қалаулылары марапатталып, естелік суретке түсті.
Ақсәуле ХАМЗИНА
