Елбасы ерге үлгі
Бұған тәуелсіздік алған тоқсаныншы жылдар Қазақстан үшін қай тұрғыдан алса да оңай кезең болмағанын қосыңыз. Осындай сындарлы сәтте тарихтың таңдауы, халықтың қалауы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа түсті. Еліміздің бүгінгі қол артқан табысы, бағындырған биігі, жеткен жетістігі, дербес ел ретінде іргесін бекітіп, керегесін кеңейтіп қана қоймай, алты құрлыққа танылуы – мұның бәрінде Елбасының ұшан-теңіз еңбегі, ерлігі мен өрлігі, қалтқысыз қызметі мен қажыр-қайраты жатыр.Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының еліміздің баянды болуына қосқан үлесі баға бергісіз зор! Нұрсұлтан Әбішұлы тарихтың сындарлы сағатында биліктің басында болып, терең саясаткерлігінің арқасында елдің тәуелсіз дара жолын қалыптастыра білді. Бүгінде бүкіл әлем Қазақстанды дамыған ел деп мойындайды, дүниенің төрт құбыласымен тең араласамыз.
