"Елбасы-елімнің тірегі" атты онлайн акция өткізілді.
Нұрсұлтан Назарбаев-мемлекеттігімізді орнатып,оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп,мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да,арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін,биік болмысын,кемел дарынын,ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуге тиіс.Н.Ә.Назарбаев-ұлттық дәстүрде тәрбиеленген,халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін,әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін жетік білетін,ұлтын жан-тәнімен сүйетін,оның мәртебесін өсіріп келе жатқан,халқының үмітін,сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат.
