«Елбасы – елімен бірге»
Целиноград удандық кітапханшылардың ұйымдастыруымен «Елбасы – елімен бірге» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу мен даму кезеңіндегі Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың іскерлік қабілетін, болашаққа бағыт-бағдар берген осы уақытқа дейінгі атқарған еңбегін оқырмандарға жеткізу, жас ұрпаққа насихаттау. Осы орайда ұйымдастырылған кітап көрмесіне әр жылдары Президент қаламының ұшынан шыққан шығармалары топтастырылған. Атап айтсақ, «Тәуелсіздік белестері», «Қазақстан жолы», «Тарих толқынында», Н.Назарбаевтың әр жылдардағы қызмет хроникалары т.б. Елбасының өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар топтастырылған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің тағдырындағы өмір белестері мен ең есте қаларлық оқиғаларды айшықтайтын басылымдар Елбасы өмірбаяны жазылған кітаптар қойылған.
