Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Елбасы Дубайда неғып жүр?

Елбасының биылғы сапарларының ішіндегі ең ауқымдысы, осы Дубай сапары болды-ау. 2-3 күнге созылған ресми іс-сапардан Назарбаев олжалы оралады дейді сарапшылар. Неге?, деген сұрақты қою, әрине, қисынсыздау болар. Себебі, барлық ресми кездесулерден азда болса, пайдалы дүниелер көруге болады. Елге не керек?, бастысы, мемлекетаралық ынтымақтастық, бейбіт-татулық келісімдері.Кездесудің басты бағыты да осы жағынан өрбіді. Қазақстан Президенті Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-Президенті, Премьер-Министрі, Дубай әмірлігінің билеушісі, шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактуммен кездесіпті. Ақорда солай деп жатыр. (өзім барғаным жоқ)

Кездесуден, сауда-экономика, қаржы және инвестиция салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелері тыс қалмады.

Меніңше, ең ірісі – Назарбаевтың DIFC пен Астана халықаралық қаржы орталығы арасында тығыз қарым-қатынас орнату жөніндегі мәселелері. Бастысы, Дубай әмірлігінің билеушісі бұл бағыттағы жұмыстарға толық дайын екенін айтты.

Исламдық қаржыландыру ісі бізде қатты жүрмесе де, бастамасы жаман емес. Әрине, Ислам банкі толық кірсе, басқа банктер өздігінен тұншығып, тіпті, «банкрот» болып қалуы ғажап емес. Себебі, Ислам құндылықтарына негізделген банктің клиенттерге көрсететін қызметі өте қолайлы. Діни риторикамен айтсақ, сауапты һәм сауатты!

Елбасы Шейхқа «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындықтың аяқталғанын, шара біткен соң, көрме нысандары Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысы үшін пайдаланылатынын жеткізді. Осы көрмеге шақыруды да ұмытпады.)

 
1
0
392

Осы тақырып бойынша

Елбасы Дубайда неғып жүр? - Yvision.kz