Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Ел Ырысы" базарының жеке кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді

2019 жылдың 20 тамыз күні «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) БҚО бойынша департаменті өкілдері, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ә.Салиева және облыстық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясы, қалалық ветеринария бөлімі қызметкерлері қатысуымен Орал қаласы «Ел Ырысы» базары ішкі сауда объектісінде жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының өкілдері кәсіпкерлерге ветеринарлық іс-шаралар туралы түсінік беріп, ішкі сауда нысандарында ветеринарлық құжаттар мен ветеринарлық заңнамаға сәйкес қызмет атқарудын маңыздылығы туралы ақпарат берді.

Кездесу қорытындысы бойынша ішкі сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу сапасын жақсарту және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша ұсыныстар берілді.

0
0
309

Осы тақырып бойынша

"Ел Ырысы" базарының жеке кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді - Yvision.kz