Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ел игілігіне бағытталған жұмыстар

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерхан Бақбергенұлы, Сарбасов Самат, Қалиянов Бауыржан, Қайранбаева Айжан, Абдиев Дархан Жалағаш кенті орталығындағы Мәдениет және өнерді дамыту орталығында білім саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау отырып, 2025 жылға дейін Мәдениет ауылында өнер мектебін ашуға, 2025 жылға дейін аудандағы барлық негізгі мектептерді пәндік кабинеттермен кезең-кезеңімен жабдықтауға, 2021-2025 жылдары аралығында Жалағаш кенті және Таң, Бұқарбай батыр, Есет батыр елді мекендердегі орта мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге және аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарын қолға алатынын жеткізді. Айта кетейік, үміткерлер осынау келелі кездесу барысында «Nur Otan» партиясының аз уақыт ішінде еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне қосқан үлесі жайлы айтып, алдағы уақытта да қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастыратынын айтты және 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

Кездесуге «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерхан Бақбергенұлы, Сарбасов Самат, Қалиянов Бауыржан, Қайранбаева Айжан, Абдиев Дархансынды үміткерлерімен қатысты.

0
0
180

Осы тақырып бойынша

Ел игілігіне бағытталған жұмыстар - Yvision.kz