ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Ел ертеңіне сенімдіміз

Қиын сәтте мемлекетіміз пандемиямен күресе отырып, елдің әлеуметтік жағынан шыңдала түсуіне жағдай туғызды.

Алда тәуелсіз еліміздің мерейлі отыз жылдығы келеді. Осы сәтте саяси оқиғалардан халықтың күтері мол. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үндеуінде:«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңға және «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» заңға түзетулер енгізу арқылы парламенттік оппозиция институтын құрумәселесін қарастыратын және оның қызметін регламенттейтін өзгерістер мен толықтырулар жасалды.
Енді Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бір төрағасы мен екі хатшысы парламенттік оппозиция депутаттары арасынансайланады.
Сонымен қатар, парламенттік оппозиция бір сессия кезінде кемінде бір рет парламенттік тыңдау өткізу жөнінде бастама көтеру құқығын иеленеді. Сондай-ақ бір сессия кезінде кемінде екі рет үкімет сағатының күн тәртібін айқындайтын болады.
Бұдан бөлек, саяси партиялар фракцияларының жетекшілеріне Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, Парламент Мәжілісінің пленарлық отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдауларда және басқа іс-шараларда сөз сөйлеуге кепілді құқық беріледі.
Екінші. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді.
Үшінші. Алдағы мәслихаттар сайлауы алғаш рет партиялық тізім бойынша өтеді. Пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге толық сай келеді, саяси жүйені нығайтуға, демократияны дамытуға ықпал етеді, саяси партиялардың жұмысын жандандырады», - деген еді. Олай болса, елдің ертеңі өзгеріске толы. Оған сеніммен қарауымыз жөн деп есептеймін. Сондай-ақ, таңдау жасаудан шеткері жүргеннен гөрі оған «бір табан» жақын болғанымыз дұрыс дегім келеді.

Орақ ДЕҢГЕЛБАЕВ,

ауданның құрметті азаматы