Ел дамуының маңызды шартының бірі - ортақ мүдде жолында біріккен азаматтардың белсенділігі.
Ел дамуының маңызды шартының бірі - ортақ мүдде жолында біріккен азаматтардың белсенділігі. Осы орайда бүгінгі кездесуде ауыл шаруашылығының дамуына өнімді өндіру арқылы әсерін-үлесін тигізіп отырған "Нәтиже" ЖШС ұжымының белсенділігінің куәсі болғандаймыз. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Камалиев Берік Сайлауұлы "Nur Otan" партиясының республикалық сайлауалды бағдарламасына жетік тоқталып, кеңінен талдау жасай, қажетті жекелей түсіндірмелер ұсынды. Жалпы кездесуде -баршаға тең мүмкіндік; -зияткер, саламатты ұлт болу; -халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар; -орнықты экономика, оның ішінде қуатты кәсіпкерлікті қалай қалыптастыру, дамыту мәселелері қамтылды. Кездесу барысында өз көкейлеріндегі сұрақтарын қою арқылы қызу ашық-диалог, кері байланыс орнады, бұл да қоғамның, әр азаматтың өз өміріне, болашағына деген жауапкершілікпен қаруының белгісі деп түйдім, себеп: мемлекет пен қоғамның сенім, өз ара жауапкершілік, ашықтық, әріптестік және есептік қағидаттары тұрғысындағы ынтымақтастығы - ел дамуының басты кепілі. Бұл мақсатқа жетуді таңдау күні:10.01.2021ж. #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021
