Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Ел бастаған Елбасы"

#BIRINShI

Құрметті аудан тұрғындары!

Баршаңызды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мереке әлемдегі өркениеті дамыған бірқатар елдерде бар. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінге қол жеткізген жетістіктеріміз сөз жоқ тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасы. Мен Елбасын осыдан 27 жыл бұрын біздің ауданға келгенде алғашқы рет көргенмін. Бұдан кейінгі кезеңдерде "Nur Otan" партиясының Съездерінде, облысқа жасаған іс сапарлары кезінде жақынан да көріп жүрдім. Ал 2019 жылдың 25 қазанында осындай ұлы адамның қолын алып, жылы сөзін есту бақытына ие болдым. Менің кеудеме "Мінсіз қызметі үшін" мелальін таққанда төбем көкке жеткендей болды. Ол кісінің ажарлы жүзі менің көз алдымнан ешқашан кетпейді. Ол кісімен бірге түскен суретім үйімнің төрінде ілулі тұр. Бұл менің ұрпағымнан- ұрпағыма өтетін аса құнды естелік болып қалады.Баршаңызға амандық тілеймін. Елбасымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеймін! Сүйікті Отанмыз Қазақстанды гүлдендіре берейік!

"Nur Otan" партиясы Бәйдібек аудандық филиалының төраға бірінші орынбасары

Т. Қ Дүйсенбеков

0
0
149

Осы тақырып бойынша

"Ел бастаған Елбасы" - Yvision.kz