«Ел бағына туған ер» шарасы өтті
📷 Аудандық мәдениет үйінің фойесінде Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Ел бағына туған ер» атты офлайн шарасы өтті. Шараға аудан әкімі Азамат Сафималиев, аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев қатысты.
📷 -Баршаңызды халқымыз үшін зор мереке – Тұңғыш Президент күнімен шын жүректен құттықтаймын. 1 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздік алуына, ел еңсесінің көтерілуіне, халық арманының орындалуы мен мемлекетіміздің қарқынды дамуына іргетас болып, қаланған күн. Тағылымды мейрам қарсаңында ауданымызда игі істер атқарылуда. Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы саясатының арқасында еліміз экономикалық реформаларды жүзеге асырып, нәтижесінде тұрмысы түзелген, халықтың әл-ауқаты жақсарған мемлекеттердің қатарына қосылдық. Тұңғыш президент қиын-қыстау кезеңдерде ұлт болашағын, халықтың келешегін айқындайтын қадамдарға барып, қуатты жағынан әлемде төртінші орынға ие ядролық қарудан ерікті түрде бас тарту арқылы дүниежүзінде адамзаттық тұрғыдағы үлгілі қадамға барды. Осы көреген саясаттың арқасында қазақ халқының шынымен де бейтбітшілік сүйгіш ел екендігі әлемге паш етті. Құрметті жерлестер, Сіздерге сенім мен ізгі тілектің бастауы болған мерекемен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңа амандық, бақ-береке тілеймін, - деді құттықтауында аудан басшысы Азамат Сафималиұлы.
📷 Басқосуда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Мырзағалиұлы да сөз сөйлеп, тұңғыш президенттің сындарлы саясаты туралы сөз қозғап, аудан тұрғындарын мерекемен құттықтады.
📷 Шара барысында аудандық кітапхананың белсенді оқырмандары Ақтолқын Жасқайратқызы мен Салауат Ермахан Елбасы туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыса, аудан көркемөнерпаздары Қажымұқан Хамидолла, Райымбек Каримов және Мейрамгүл Дәулетқалиев ұлы Ержан Дәулетқалиевпен бірге ән шырқады.

