Экспромт кездесулер жалғасуда
«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Талғат Садуов, Ерлан Арынов, Ерлан Рүстемов, Дархан Серікбаев, Диана Сидорина, Сәуле Далдекеева Хантағы ауылының тұрғындарымен кездесті. Экспромт кездесуде дүкендер мен сауда орындарын аралап, сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.
«Nur Otan» партиясы жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен бизнесін жаңадан бастаушы 10 азаматқа грант ұсынуға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 20-ға жуық азаматтарға стартап гранттар мен несие алуына жағдай жасауға, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасымен жаңа жобаларды несиелендіруге, пайдаланылмай жатқан жерлердің иелеріне сол жердің нарықтық құнымен айыппұлдар салуға ықпал етеді.
Үмкіткерлер "Есіктен есікке" акциясына қатысты. Сайлаушылардың үйлеріне барып, сайлауалды бағдарламаны насихаттады. Тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
