Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Экспромт-кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 03 қарашасында Қазақстан Республикасының Президентігiне кандидат - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасымен таныстыру үшін штаб жетекшісі О.Тулемисов Ақсай қаласында орналасқан "JARSUAT" сауда үйiнде экспромнт-кездесу өткізді. Аталған сауда үйiнiң қызметкерлеріне Қ.Тоқаевқа Қазақстанда ең алдымен барша халық сенім артып отырғандығы айтылды.

Сонымен қатар парламенттегі саяси партиялар және түрлі саладағы қоғамдық ұйымдар қолдау көрсетiп отырғанын жеткізді.Қ.Тоқаевтың " Маусым айында өткен референдум халықтың тың бастамаларды қолдайтынын көрсетті. Билік пен қоғам арасындағы диалог нығая түсті. Біз еліміздегі тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жоюға кірістік. Барлық салада шынайы бәсеке болуы үшін әділ ережелер орнығуда. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асырылып жатыр" –деген сөздері баяндалды.

Жалпы кездесуде болған сайлаушылар сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасайтынын айтты.

#Toqaev2022

0
0
178

Осы тақырып бойынша

Экспромт-кездесу өтті - Yvision.kz