Экспромт-кездесу өтті
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Б.Абен Аягөз қаласындағы "Орталық жылу қазандығының" ұжымымен кездесу өткізіп, жұмысшылармен кездесті. Қатысушыларға "Nur Otan" партиясының республикалық және аудандық бағдарламаларын таныстырып, алдағы келе жатқан сайлауда дұрыс таңдау жасап, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды. Өз кезегінде, қатысушылар партия жұмысына сәттілік тілеп, "Nur Otan" партиясын қолдайтындарын айтты.

